АҚШ Украинаға 500 млн доллар көлемінде әскери көмек бермек

Жарияланды
АҚШ Украинаға 500 млн доллар көмек бермек. Фото: УНИАН телеграм арнасы

Америка Құрама Штаттары бір жыл бойы Ресеймен соғысып жатқан Украинаға тағы 500 млн доллар көлемінде әскери көмек бермек. Бұл туралы Украинаға келген Ақ үй басшысы Джо Байден мәлімдеді деп жазады, dw.com.

Бұл көмектің ішінде HIMARS доңғалақты шассиіндегі бірнеше зымыран жүйесіне арналған оқ-дәрілер де бар. Байден Вашингтонның Украинаны қажетінше қолдайтынын жеткізді.

АҚШ Президенті Укранинаның бір жол бойы жауға қарсы тұра алғанын, соның арқасында демократия аман қалғанын атап өтті.

Жаңа көмек пакетінің егжей-тегжейі 21 ақпанда жарияланады.

Бүған дейі Украина ақпарат құралдары екі президенттің Михайловский алаңында қатар жүріп бара жатқанын түсіріп, екі мемлекет басшысы серуендеп жүргенде әуе дабылының дауысы естілгені хабарланған.

Зеленский де парақшасында АҚШ Президентімен бірге түскен суретін жариялап, Байденнің келгенін растады.

«Джозеф Байден, Киевке қош келдіңіз! Сіздің сапарыңыз – барлық  украиндықтарға аса маңызды қолдау барын білдіреді», деп жазды Зеленский.

Bloomberg дерегінше, Байден Украинадағы соғыстың басталғанына жылға жуықтағанына байланысты Польшаға сапарлағысы келген.

Ресей Президенті Украина жерінде арнайы операция бастайтыны туралы 2022 жылдың 23 ақпанында мәлімдеген болатын, ал келесі күні Украина жеріне басып кірді.

Сондай-ақ оқыңыз