Жаңалықтар

Елімізде автомобиль және теңіз көлігімен түсті металл әкетуге 6 айға тыйым салынбақ

Қазақстанда көлік және теңіз жолдары арқылы шет мемлекеттерге түсті металл әкетуге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат«Ашық» НҚА порталында жарияланған Индустриялық даму комитетінің бұйрық жобасына сілтеме жасап хабарлады.

«Қазақстан аумағынан автомобиль және теңіз көлігінің барлық түрімен мыс, алюминий, қорғасын қалдықтары мен сынықтарын, істен шыққан қорғасын аккумуляторлардың қалдықтарын, құрамында қорғасын, кадмий немесе сынабы бар химиялық типі бойынша сұрыпталған және сұрыпталмаған түсті металдарды әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салынсын», – делінген бұйрықта.

Бұл шектеу шараларын қадағалау Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Мемлекеттік кірістер комитеті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктеледі.