Елімізде биыл құрылыс жұмыстарының көлемі 100 млрд теңгеден асты
Қазақстанда қаңтар айының қорытындысы бойынша жалпы құны 101,6 млрд теңге болатын құрылыс жұмыстары орындалды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,5% – ға көп. Бұл туралы DATA HUB телеграм арнасы хабарлады.
Кәсіпорындардың меншік нысандары тұрғысынан шетелдіктер компаниялардың үлесі артты. Олардың орындаған жұмыстардың жалпы көлемінің 40%-ға жетті. Яғни (39,8 млрд теңге) құрады. Тиісінше, жеке компаниялардың үлес салмағы 72,8% – дан (64,9 млрд теңге) 60,7% – ға (61,7 млрд теңге) құрады. Ал мемлекеттік компаниялардың үлес салмағы-0,4% – дан (317,8 млн теңге) 0,2% – ға (175,3 млн теңге) дейін қысқарды.
Құрылыс нысандарына келетін болсақ, тұрғын емес ғимараттар мен құрылыстар саны артты. Олар жалпы көлемнің 86,3% ды, яғни 8-87,6 млрд теңгені (+18,8 млрд теңге) қамтамасыз етті.
Құрылыс жұмыстарының ең көп көлемі Атырау облысында – 40,2 млрд теңге (+29,6%), Астанада – 15,3 млрд теңге (+0,2%) және Алматыда – 6,9 млрд теңге (+0,5%) орындалды. Кем дегенде алты жыл бойы өзгермейтін үш көшбасшы жалпы көлемнің шамамен 70% құрады. Құрылыс компанияларының ең орташа табысы Абай облысында – 310,2 млн теңге (+8,4%) болды.