Елімізде биыл құрылыс жұмыстарының көлемі 100 млрд теңгеден асты

Жарияланды

Қазақстанда қаңтар айының қорытындысы бойынша жалпы құны 101,6 млрд теңге болатын құрылыс жұмыстары орындалды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,5% – ға көп. Бұл туралы DATA HUB телеграм арнасы хабарлады.

Фото:ҚазАқпарат

Кәсіпорындардың меншік нысандары тұрғысынан шетелдіктер компаниялардың үлесі артты. Олардың орындаған жұмыстардың жалпы көлемінің 40%-ға жетті. Яғни (39,8 млрд теңге) құрады. Тиісінше, жеке компаниялардың үлес салмағы 72,8% – дан (64,9 млрд теңге) 60,7% – ға (61,7 млрд теңге) құрады. Ал мемлекеттік компаниялардың үлес салмағы-0,4% – дан (317,8 млн теңге) 0,2% – ға (175,3 млн теңге) дейін қысқарды.

Құрылыс нысандарына келетін болсақ, тұрғын емес ғимараттар мен құрылыстар саны артты. Олар жалпы көлемнің 86,3% ды, яғни 8-87,6 млрд теңгені (+18,8 млрд теңге) қамтамасыз етті.

Құрылыс жұмыстарының ең көп көлемі Атырау облысында – 40,2 млрд теңге (+29,6%), Астанада – 15,3 млрд теңге (+0,2%) және Алматыда – 6,9 млрд теңге (+0,5%) орындалды. Кем дегенде алты жыл бойы өзгермейтін үш көшбасшы жалпы көлемнің шамамен 70% құрады. Құрылыс компанияларының ең орташа табысы Абай облысында – 310,2 млн теңге (+8,4%) болды.

Сондай-ақ оқыңыз