Қазақстан мен Қытай энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады

Жарияланды

Астанада «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Талғат Құрманбаев Қытай Ұлттық мұнай-газ барлау және игеру компаниясының (China National Oil and Gas Exploration and Development Company Ltd.) және Қытай Мұнай Барлау және Игеру Компаниясы (CNPC Exploration and Development Company Ltd.) қытайлық қатысушысының өкілі Мэн Сяндунмен кездесті. Бұл туралы «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті хабарлады.

Фото: ҚазАқпарат

Кездесуде тараптар «МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» ЖШС және «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС бірлескен кәсіпорындарын басқару аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады және бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды сақтауға бейілділіктерін білдірді.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытудың ықтимал жолдары талқыланды.

Сондай-ақ оқыңыз