Жаңалықтар

Антиваксерлер қатары артып келеді: 6 мыңға жуық бала екпе салдырмаған

Нуршай Азимбаева на брифинге в СЦК
Вакцинадан бас тартатындардың қатары артып келеді. Фото: ortcom.kz

Қазақстанда баласына вакцина салдырғысы келмейтін ата-аналардың қатары артып келеді. Жоспарлы екпе алмаған балалардың саны 6 мыңға жеткен.

Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау баскармасының бас сарапшысы Нұршай Әзімбаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында министрлік үнемі мониторинг жүргізіп отыратынын айтып өтті.

«Өкінішке қарай, кейінгі жылдары екпе салдырудан бас тартатын азаматтардың қатары артып келеді. Бүгінде 6 мыңнан асып кетті. Дегенмен, өз тарабымыздан қажетті жұмыс жүргізіп отырмыз. Ең бірінші түсіндіру жұмысына мән береміз. Өйткені вакцинадан бас тартқан ата-ана оның салдары қандай болатынын түсінбейді», деді ол.

Жас ата-аналардың вакцинадан бас тартуының бір себебі – діни көзқарасы. Оның салдары қандай боларын түсіндіруге дін мамандары да тартылған.

«Астана медицина университеті» акционерлік қоғамының балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі Динагүл Баешева екпе алмаған балалар қызамық, қызылша сияқты қауіпті ауруларға тез шалдығатынын айтып өтті.

Дәрігерлер вакцина салдырмаған бала мұндай аурумен ауырса, мүгедек болып қалуы мүмкін дейді.

Қазақстанда егу күнтізбесіне 11 жұқпалы және паразиттік ауруға қарсы екпе енгізілген. Бұл вакциналар медициналық қарсы көрсетілім болмаса, бүкіл балалар үшін міндетті.