Бас жоспарда Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің басшылығымен «Menin Elim Dala» бастамашыл тобының қатысуымен нақты құрылыс мәселесі бойынша кеңес өтті. Тұрғын үй кешенінің құрылысының орнына әлеуметтік нысандар салу, үйлердің қабатын азайту, Талдыкөл проблемвсы және т.б. мәселелер көтерілді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қалада 18 негізгі проблемалы құрылыс объектісі бар. 13 нысан бойынша мәселелер тұрғындардың тілектері мен өтініштерінің пайдасына шешіледі, яғни ТК маңында мектептер, медициналық орталықтар, балабақшалар, қоғамдық кеңістіктер салынады. Қалған 5 нысан бойынша сот және келіссөздер процесі жүріп жатыр.
Мысалы, Байтұрсынов көшесі, 7 (Хайвил ТК) мекенжайында жер учаскесінде бұрын айтылғандай, көппәтерлі тұрғын үй кешенінің орнына мектеп салынады. Сондай-ақ, Қошқарбаев даңғылы мен Ақыртас көшесі маңында, яғни «Хайвил» тұрғын үй кешеніне қарама қарсы оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында тағы бір жалпы білім беретін мектеп салынады.
Күмісбеков көшесі, 9/2 үйінің жанында 21 қабатты ТК және паркингтің орнына гүлзар салынады.