Биыл iPhone сатылымы төмендеуі мүмкін

Жарияланды
iPhone сатып алатындар қатары азаяды. Фото: shutterstock.com

Биыл кейінгі 4 жылда алғаш рет iPhone сатылымы төмендеп, Apple Inc. осы нарықтағы бәсекелестеріне жол беруі мүмкін. Бұндай болжамды UBS сарапшылары жасап отыр, деп жазады Barron’s.

Сарапшылар биыл елге танымал iPhone сатылымы 0,7% төмендеп, 229 млн данасы сатылуы мүмкін деп болжайды. Есесіне Android жүйесіне негізделген смартфондар сатылымы 3,2 пайызға өспек.

«2019 жылдан бері алғаш рет Apple смартфондарының сатылым динамикасы бәселестерінен төмен болады», деп жазады UBS сарапшылары.

Мамандар мұндай болжамын биыл смартфон саудасы Солтүстік Америка емес, Азия нарықтарында қыза түсетінімен түсіндіреді.

International Data Corp. 2022 жылы смартфондардың жаһандық сатылымы 11%-ға төмендеп, 1,21 миллиардты құрағанын хабарлады. Бұл 2013 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш.

UBS болжамы бойынша, сатылым биыл 2,5%-ға өсуі мүмкін.

iPhone сатылымы аз-маз азаятынына қарамастан, UBS сарапшылары компания акцияларын сатып алуды ұсынады. Өйткені компанияның сервистік қызмет көрсетуден түсетін кірісі артпақ.

Сарапшылар Apple компаниясы акцияларының бағасы 180 доллар деңгейінде болады деген болжам жасап отыр. Компания акциялары соңғы 12 айда 8,8%-ға құлдырады. Жұма күні нарықтың жабылуында олардың бағасы $152,55 болды.

Сондай-ақ оқыңыз