Жаңалықтар

Елімізде жол жүру ережесін бұзғандарға жаңа айыппұл мөлшері енгізілмек

ҚР Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі. Бұл туралы Zakon.kz. сайты хабарлады.

Фото:turkystan.kz

592-бапқа («Белгiленген жүру жылдамдығын арттыру») өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Көлік құралы қозғалысының белгіленген жүру жылдамдығын сағатына 40-тан 80 шақырымға дейін арттырғандар үшін 20 АЕК мөлшерінде (69 000 теңге) айыппұл салынады.

Ал көлік құралы қозғалысының белгіленген жүру жылдамдығын 80 -нен жоғары арттырғандарға – 40 АЕК мөлшерінде (138 000 теңге) айыппұл салынады.

593-бап та («Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдігін немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау») өзгертілді.

Онда жолаушыларды көліктің кабинасынан тыс тасымалдауға, сондай-ақ көлік құралының терезелері мен люктеріне шығып кетуге, есіктерді ашуға және көлік жүргізу кезінде басқа да әрекеттерді жасауға жол бергені үшін жаза қарастыратын жаңа тармақ пайда болды. 

Бұл әрекеттерге 10 АЕК (34 500 теңге) көлемінде айыппұл белгіленді.

Заң жобасы 13 наурызға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.