Jusan Bank-тің тұрақтылығына қатысты алаңдауға негіз жоқ

Жарияланды
Jusan Bank
Банктің қаржылық жағдайы тұрақты. Фото: Jusan Bank

Бас прокуратура, Қаржы нарығын реттеуші орган мен үкіметтің басу айтқанына қарамастан, Jusan Bank төңірегін қаңқу сөз таралып жатыр. Бұл өз кезегінде банк клиенттерінің көңілін алаңдатып отыр. Бұл жайтты FINANCEkaz сарапшылары қаржы мәдениетінің төмендігі және жалпы қаржылық жүйеге деген сенімнің аздығымен түсіндіреді.

«Jusan Bank тұрақты жұмыс істеп тұр және алаңдауға еш негіз жоқ. НЗМ шығындарының басым бөлігі республикалық бюджет есебінен қаржыландырылды», – деген еді Премьер-Министрдің орынбасары, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, – НЗМ мен НУ республикалық бюджеттен қаржыландырылып келеді, бірақ бөлінетін қаржыны бірте-бірте қысқартып, Jusan Bank өз пайдасын аударатын эндаумент қоры есебінен қамтамасыз етілуі керек».

Дәл банкке еш шағым, талап қойылып отырған жоқ. Ақпараттық дау тек акционерлік капиталға, банк акционеріне ғана қатысты.

Осы ретте Қаржы нарығын реттеу агенттігі де банктің жағдайы тұрақты және нарықтағы сенімді банк деп мәлімдеді.

ҚР Бас прокуратурасының азаматтық талап-арызы банкті бақылауды шетелдік юрисдикциядан қазақстандық юрисдикцияға қайтаруға бағытталған.

«Jusan Bank штаттық режимде жұмыс істеп тұр, барлық пруденциялық нормативтерді орындауда және қаржылық орнықты банк, сондай-ақ клиенттер алдындағы міндеттемелерді уақтылы және толық көлемде орындап отыр», дейді ҚНРДА.

Сонымен қатар, Бас прокуратура да аталған талап-арыз Jusan Bankтің жұмысына қатысты емес деген болатын. Яғни оның ағымдағы қызметіне, сондай-ақ банктің клиенттері мен іскерлік серіктестіктерімен өзара іс-қимылына шектеу қоймайды.

«Істің сотта қаралуы Jusan Bankтің жұмысына әсер етпейді, ол қалыпты жағдайда жұмысын жалғастыратын болады», деген еді Бас прокуратура.

Сондай-ақ оқыңыз