Түркиядағы зілзала Теңізшевройлдың экспорттық бағытына әсер етті

Жарияланды
Теңізшевройл БТД құбырымен экспортты бастай алмады. Фото:shutterstock.com

Теңізшевройл Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты Баку-Тбилиси-Джейхан бағыты бойынша мұнай экспортын бастай алмады. Бұл туралы журналистермен кездесуде компания Бас директоры Кевин Лион мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта біз «Қазмұнайгазбен» осындай маршрутты нақтылау және қалыптастыру мақсатында жұмыс жүргізіп жатырмыз, өйткені Теңіз кен орнына теміржол арқылы тасымалданатын болады. Өкінішке орай, бәріңіз білетіндей, Түркияда болған алапат зілзала инфрақұрылым нысандарына әсер етті және сәйкесінше Түркиядағы Джейхан терминалына әсер етті», – деді Лион.

Журналистер тарапынан ақпан айында компания Баку-Тбилиси-Джейхан құбыры арқылы мұнай экспорттау жоспарлап отыр ма деген сұрақ қойылған болатын.


«Қазіргі уақытта бізде сынақ жөнелтілімдерін іске қосу мүмкіндігі жоқ, сондықтан маршрут әлі іске қосылмаған. Бұл бағытта мұнай тасымалдау мүмкіндігі туған сәтте бірден сынақтан өткіземіз», – деді ол.

«Теңізшевройл» Қазақстанның Атырау облысындағы Теңіз және Король мұнай-газ кен орындарын игеруде.

«Теңізшевройл» ЖШС қатысушылары: Chevron (қатысу үлесі 50%), ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc (25%), «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы арқылы Қазақстан (20%), Lukarco (5%).

Сондай-ақ оқыңыз