Түркияның оңтүстігінде 100-ге жуық сейсмикалық афтершок тіркелген

Жарияланды

Түркияның оңтүстігінде тағы қайталаған жер сілкінісінен кейін 90-ға жуық сейсмикалық афтершок тіркелген. Бұл туралы түрік ақпарат құралдары Табиғи апаттарға қарсы күрес (AFAD) және төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ең күшті дүмпулердің магнитудасы 5,8 балл болған.

AFAD апаттан зардап шеккен Хатай провинциясына іздеу-құтқару тобын жібергенін атап өтті.

Өткен түнде Түркияның оңтүстігінде 6,4 балдық жер сілкінісі болды. Соңғы мәліметтер бойынша, алты адам қаза тауып, 294 адам жараланған.

Зілзала бұған дейінгі апаттан қирап қалған аймақтарда қайталанған.

Түркияда 6 ақпанға қараған түні магнитудасы 7,7 балға жеткен жер сілкінісі болды. Одан кейін зардап шеккендердің саны 41 мыңнан асты. Бұл жер сілкінісі көршілес Сирияда орын алып, біраз адам құрбан болды.

Сондай-ақ оқыңыз