Путиннің стратегиясы қате – Джо Байден

Жарияланды
Джо Байден
Байден соғысқа Путин ғана кінәлі деді Фото: Shutterstock

АҚШ Президенті Джо Байден Варшавада сөйлеген сөзінде Путинді сынап, Батыстың Ресейге шабуыл жасауға ниеті болмағанын, Украинада басталған соғыс үшін кінәні Ресей президентіне жүктейтінін айтты, деп хабарлайды FT.

«Батыс Ресейге шабуыл жасауды жоспарлаған жоқ, Бұл соғыс қажет емес еді, бұл трагедия. Әр соғыс күні – оның (Путиннің – «Курсив») таңдауы», деді АҚШ президенті.

Байден Путиннің стратегиясы қате және оның ашкөздігі сәтсіздікке ұшырайды деп келемеждеді. Сонымен қатар Батысты осы көктемдегі қарсы шабуыл үшін Киевті қару-жарақпен қамтамасыз ету туралы үндеуіне жауап беруге шақырды.

Ол Украина мен оның одақтастарына шыдамдылық қажет деп қосты.

2023 жылдың 21 ақпанында Владимир Путин Батыс «шабуыл жасаса, Ресей өз шекарасын соғұрлым күштірек қорғайтынын» мәлімдеді.

Бұған дейін АҚШ Президенті Джо Байден Киевке барып, Украина басшысы Владимир Зеленскиймен кездесті.

Америка Құрама Штаттары бір жыл бойы Ресеймен соғысып жатқан Украинаға тағы 500 млн доллар көлемінде әскери көмек бермек.

Ресей Президенті Украина жерінде арнайы операция бастайтыны туралы 2022 жылдың 23 ақпанында мәлімдеген болатын, ал келесі күні Украина жеріне басып кірді. 

Сондай-ақ оқыңыз