БҰҰ Ресей мен АҚШ-қа қару туралы келісімге қайта оралуға шақырды

Жарияланды
Фото; ғаламтор желісінен

БҰҰ Ресей мен АҚШ-ты стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақ туралы келісім-шартқа қайта оралуға шақырды. Бұл туралы 24.kz

Ядролық қаруды бақылау болмаса дүние жүзіндегі тұрақтылыққа қауіп төнеді дейді халықаралық ұйым. Айта кетейік, кеше Ресей президенті Владимир Путин өз жолдауында бірқатар мәселеге байланысты елінің, бұл құжаттан шығатынын мәлімдеген болатын. Қос мемлекет оған 2010 жылы қол қойған еді.  Стефан Дюжаррик, БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі: – Ресей мен АҚШ стратегиялық ядролық қару-жарақты азайту туралы келісім-шартты қайта қалпына келтіруі тиіс. Себебі бұл құжат қос мемлекеттің ғана емес бүкіл әлемнің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ оқыңыз