Жаңалықтар

Енді Ұлыбританияда 4 күндік жұмыс аптасы енгізіледі

Негізінен мұндай жобалар Ұлыбританиядан бөлек, Испания мен Исландияда да қолға алынды. Қазіргі таңда Ұлыбританияда мұндай мүмкіндік тек 18 компанияда бар. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.

Фото:aikyn.kz

Бұл – білім беру, ақпараттық технологиялар мен қаржы саласындағы ұжымдар. Тағы 38 ұйымға тиісті кесте бойынша жұмыс істеу ұсынылды. 4 күндік жұмыс аптасына қатысты пилоттық жоба былтыр іске қосылған еді. Ол жақсы нәтиже көрсеткен.

Тәжірибеге қатысқан компаниялардың табысы үштен бірге артқан. Қысқартулар саны азайған. Қызметкерлердің 40%-і күйзелістен біршама айыққандарын айтқан.