Jusan Bank акцияларына шектеу қойылғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді

Жарияланды

Jusan Bank тікелей немесе жанама түрде де жауапкер немесе соттасып жатқан тарап емес. Сондықтан Банкке ешқандай санкциялар қолданылмайды. Бұл туралы Банктің баспасөз қызметінен хабарлады. Тиісінше, Банк әдеттегідей еш шектеусіз жұмыс істей береді.

Бұған дейін ҚР Бас Прокуратурасының мәлімдемесінде айтылғандай, Jusan тобы құрылымдарының біріне қатысты азаматтық талап-арыз қаралуда. Оның аясында акцияларды уақытша шектеу сынды стандартты рәсімдер мен процессуалды әрекеттер жасалды.
«Jusan bank» АҚ баспасөз қызметі азаматтық талап тек Банктің шетелдік акционерлеріне қатысты екенін және Банк қызметіне, сондай-ақ серіктестермен немесе халықаралық корреспондент-банктермен, халықаралық төлем жүйелерімен жасалатын қарым-қатынасқа әсер етпейтінін алға тартады.
Jusan Bank және оның активтері Қазақстанда орналасқан. Бүгінде Jusan қаржылық жағынан тұрақты әрі қарқынды дамып келе жатқан қазақстандық банктердің бірі. Банк Қазақстанда тіркелген, оның акционерлері – ҚР азаматтары. Банк Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі мен мемлекеттік заңнаманың барлық талаптарын орындап отыр. Сондықтан Бас Прокуратура Jusan тобына қатысты арызының Jusan Bank қызметіне қатысы жоғын атап көрсетті.

Jusan Bank өз қызметін қалыпты жағдайда жалғастыра береді. Клиенттер алдындағы барлық міндеттемелер орындалады. ҚР Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі де қаржы институтының тұрақтылығын және банктің барлық заң талаптары мен пруденциалды нормативтерге сәйкестігін растады:

Сондай-ақ оқыңыз