«Пиязсыз қалмаймыз»: ауыл шаруашылығы министрі жағдайдың тұрақтанғанын айтты

Жарияланды
Ербол Қарашөкеев пияз тапшылығы болмайтынын айтты. Фото: kursiv.media

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев елімізде пияз тапшылығы болмайтынын айтып, қазақстандықтарды сабырға шақырды.

Министрдің сөзінше, былтыр 1,2 млн тонна пияз жиналған. Оның ішінде бір млн тонна өнім Жамбыл облысынан жиналды.

«Пиязға байланысты жағдай тұрақтанды. Қазір пияз қоры шамамен 70 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде 30 мың тоннадан астамы Жамбыл облысында. Жамбыл облысында пияздың көтерме бағасы – 200 теңге, Астанада – 260-300 теңге. Дүкендерде қандай пияз және қандай бағаға алынғанына қарамастан 300-360 теңгеден сатылып жатыр. Баға тұрақтанды. Жағдайды бақылап отырмыз. Пиязсыз қалмаймыз», – деді Қарашөкеев Үкімет отырысынан кейін кулуарда.

Сондай-ақ оқыңыз