Қазақстан Ресейден Қытайға халықаралық газ құбырын салу мәселесін пысықтауда

Жарияланды
Энергетика министрі Болат Ақшолақов. Фото: https://primeminister.kz/

Бүгінгі таңда Қазақгаз Газпроммен бірлесіп «Ресей Федерациясы – Қазақстан Республикасы – Қытай Халық Республикасы» халықаралық газ құбырын салу мәселелерін зерделеу үшін алдын ала ТЭН әзірлеу мәселесін пысықтауда. Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі таңда елдің солтүстік-шығыс өңірлерін газдандыру мүмкіндіктері қаралып жатыр.

«Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының қуатын ұлғайтқаннан кейін «Сарыарқа» магистраль газ құбырының 2 және 3 кезеңдерін салу арқылы Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын газдандыруды жүзеге асыру ұсынылады. Оның құны 188,5 млрд теңге болады», – деді Ақшолақов.

Шығыс өңірлерді газдандыру үшін министрлік 2 нұсқаны қарастырып жатыр.

«Біріншісі, «Қостанай – Астана – Павлодар – Семей – Өскемен» бағыты бойынша газ құбырын салу. Екіншісі, Қазақстан мен Ресей арасындағы газ саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жол картасы шеңберінде Ресей Федерациясынан газ импорттау», – деді энергетика министрі.

Жалпы, Биыл 160 мың тұрғыны бар 55 елдімекен газбен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов үкімет отырысында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, елді газдандыру газдандырудың 2015-2030 жылдарға арналған Бас схемасына сәйкес жүзеге асырылады. Сондай-ақАқшолақовтың айтуынша, 2023 жылы 76 жобаны іске асыруға 73,9 млрд теңге қарастырылған. Бұл 160 мың тұрғыны бар 55 елдімекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2023 жылдың соңында ел бойынша газбен жабдықтау 60% деңгейінде болады.

Сондай-ақ оқыңыз