2025 жылдың соңына дейін Алматыда дизельмен жүретін бірде-бір автобус болмайды. Ең бастысы, егер тиімді экологиялық көлік болса әрі жылыту маусымында көмірден және қатты отынның басқа түрінен арылса, қаланың экологиялық жағдайды алдағы 3 жылда жақсармақ.
Тұрғындармен кездесуде Мегаполистің экологиялық тұжырымдамасын дамыту туралы айтқан қала әкімі Ерболат Досаев осылай деп мәлімдеді. Әкімнің дерегінше, Алматыда «жасыл дәліздер» тұжырымдамасы жүзеге асады.
«Кеше Президент бізді жасыл дәліздер – қаланы өзендер мен көшелер бойымен көгалдандыру, экологиялық көлік түрлеріне көшуді қолдап, тапсырма берді. Сонымен қатар, жел екпіні мәселесін шешеміз. Қазір институттар мен ғалымдар оңтайлы шешім табумен айналысып жатыр», – деді қала әкімі.