Досаев: Алматыда құрылыстың сейсмикалық тұрақтылығына қойылатын талаптар күшейеді

Жарияланды

Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуі кезінде Алматыда құрылыстың сейсмикалық тұрақтылығына қойылатын талаптар күшейтілетінің айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Фото:mgorod.kz

Алматы әкімімен кездесуге келген Жетісу ауданы тұрғындарының бірі барлық көпқабатты ғимараттарды Алматыдан Gate City-ге көшіруді ұсынды. Бұл сейсмикалық қауіптілікке және инфрақұрылымға түсетін жүктемеге қатысты.

Әкім Ерболат Досаев қалада ғимараттарың биіктігіне шектеу қойылғанын айтты.

«Өздеріңіз білесіздер, Алматыда жоғары сейсмикалықты ескере отырып, бүкіл посткеңестік кеңістікте арнайы стандарттар шығаратын және бізде құрылыс үшін арнайы техникалық шарттар беретін бірегей, жалғыз институт – ҚазҚСҒЗИ бар. Біз қазірдің өзінде ең сейсмикалық белсенді аймақтағы қаланың жоғарғы бөлігінде ғимараттың қабаттылығын шектедік, олар 9 қабаттан аспайтын болады. Бұл мәселелердің барлығы өздеріңізбен бірге талқылаған Бас жоспар жобасында да ескерілген Жоба бекітілген кезде мәселенің бәрі анықталады»,- деді қала басшысы.

Сондай-ақ оқыңыз