Түркияда кем дегенде 500 мың жаңа үй салу керек. Бұл туралы БҰҰ баспасөз қызметі хабарлады.
БҰҰ сарапшыларының айтуынша, Түркияның оңтүстігінде 1,5 миллионға жуық адам баспанасыз қалды, 41 мыңнан астам адам қаза тапты.
«Бұл Түркия тарихындағы ең үлкен жер сілкінісі және бұрын-соңды болмаған ең үлкен табиғи апат», — деді Түркиядағы БҰҰ Даму Бағдарламасының Тұрақты Өкілі Луиза Винтон.
Оның айтуынша, ең алдымен 210 миллион тоннаға дейін қоқысты тазарту қажет.