KASE «Яндекстің» бағалы қағаздарын биржа тізімінен неліктен шығарып тастады?

Жарияланды
«Яндекстің» бағалы қағаздары Қазақстан қор биржаы тізімінен шығарылды. Фото:shutterstock.com

Қазақстан қор биржасы (KASE) санкциялық тәуекелдерге байланысты Яндекстің бағалы қағаздарын биржаның ресми тізімінен алып тастады. Бұл туралы брифингте ұйымның басқарма төрағасы Алина Алдамберген мәлімдеді.

«Нақты санкциялық режим бар, кейінгі жылы KASE соның талаптарын қатаң сақтап отыр. Аталмыш компанияға қатысты белгілі бір санкциялық нюанстар бар, сондықтан біз тізімнен шығару туралы шешім қабылдауға мәжбүр болдық», деді ол.

Алина Алдамбергеннің айтуынша, санкция Голландияда орналасқан компанияға ғана емес, оның бас бенефициарларына да қатысты.

Биржаның басқарма төрағасы KASE-де кейбір ресейлік акциялардың листингі тоқтатылғанын айтты. Бұл санкциялық режимге, Қазақстан мен Ресей арасындағы есеп айырысу мен бағалы қағаздармен сауда жасаудың қиындығына байланысты. Қазір бірқатар бағалы қағаздардың делистиңі туралы шешім қабылданды.

Былтыр ақпан айының соңында Нью-Йорк қор биржасы мен NASDAQ санкцияларға байланысты Яндекс пен басқа дда ресейлік компанияла акцияларының саудасын тоқтатты. Наурызда компания акционерлерге дефолт қаупі туралы ескерткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз