Қазақстанда 100 жылға жететін газ қоры бар – QazaqGaz

Жарияланды (жаңартылды )
Елдегі газ 100 жылға жетеді дейді мамандар. Фото: Асқар Ахметуллин

Келер жылы қыста еліміз газ тапшылығын сезінбейтін болады. Оған қоса елімізде 100 жылға жететін газ қоры бар. Бұл мәлімдемені QazaqGaz Басқарма төрағасының орынбасары Арман Қасенов «Самұрық-Қазына» Қоғамдық кеңесінің отырысында айтты.

«Келесі күзгі-қысқы кезеңде газ тапшылығы болмайды, біз мұны жіті бақылайтын боламыз. Қазақстанда газ тұтынудың өсімін ескере отырып, QazaqGaz келесі ОЗП экспортына сенім білдіре алмайды», – деді ол.

Компания өкілдерінің мәліметінше, 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 21 миллиард текше метр газ пайдаланылған,  5 миллиард текше метр газ экспортталған.

Қазір елімізде өндірілетін газ қоры 3,8 триллион текше метрге тең. Сұраныс өсіп жатса да, газ қоры 100 жылдан астам уақытқа жетеді.

Негізгі газ қоры Қарашығанақ, Теңіз, Қашаған және Жаңажол сияқты төрт ірі кен орнында шоғырланған. Ондағы газдың жалпы көлемі – 2,7 триллион текше метр.

Сонымен қатар QazaqGaz басшылығының айтуынша, 2022 жылы 143 мың қазақстандық газбен қамтылды.

Өйткені былтырдан бастап газға қосу тәртібі жеңілдетілді: техникалық құжаттамалар тізімі 1,5 есе, ал қажет құжаттар тізімі 2 есе қысқарғанү

2022 жылы QazaqGaz Қазақстан бойынша 160 елді мекенді газбен қамтамасыз еткен. QazaqGaz қалалар мен ауылдардың газбен қамтылуына жауапты екенін, ал газды жеке компаниялар байқау негізінде жүргізетінін атап өтті. Қазақстанда газ жүргізумен 500-ге жуық компания айналысады, қызмет құны 125 мың теңгеден басталад.

Ал күні кеше Энергетика министрі Болат Ақшолақов ел тұрғындарына газды үнемдеп жағуды ұсынған еді.

«Биыл атаулы әлеуметтік көмек алатын тұтынушыларды  үшін газды үнемді тұтыну жөніндегі тетікті енгізу мүмкіндігін қарастыру ұсынылады», деді Болат Ақшолақов.

Сондай-ақ оқыңыз