ТЖМ Батыс Қазақстан облысында оқыс оқиғада қаза болғандар тізімін жариялады

Жарияланды
Қазавиақұтқару тікұшағы апат болды. Фото: ҚР ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі 2023 жылғы 23 ақпанда Батыс Қазақстан облысының аумағында авиациялық оқиға кезінде қаза тапқандардың тізімін жариялады.

Ақпаратқа сәйкес, аға бортмеханик-нұсқаушы Сиязбек Андосов, ұшқыш-нұсқаушы Довлетбай Қанатов, жетекші инженер Жәрдем Досқалиев, екінші пилот Владимир Афанасьев қайтыс болды.

Төтенше жағдай министрлігінде осы оқиғаға орай өткен арнайы брифингте, министрліктің ресми өкілі Руслан Иманқұлов, апат салдарынан «Қазавиақұтқару» жетекші инженері Сергей Щеглов және «ҚазТрансОйл» өкілі Ерғалиевзардап шеккенін мәлім етті. Олар түрлі жарақатпен Орал қаласының көпсалалы ауруханасына жеткізілген.

Төтенше жағдайлар министрлігі 23 ақпан күні сағат 15:38-де Орал қаласынан 54 шақырым жерде Қазавиақұтқару тікұшағы қонуға мәжбүр болғанын хабарлады.
Оқиға , Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы Чапурино кентінің ашық аумағында болды. Экипаж «Атырау-Орал-Атырау» бағыты бойынша ұшқан.

Министрлік ақпаратына сәйкес, қатты екпінмен қону салдарынан ТЖМ Қазавиақұтқару төрт қызметкері қаза тапты.

«Бортта 6 адам – 5 экипаж мүшесі және «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 1 өкілі болды. Экипаждың екі мүшесі зардап шекті, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілуде», делінген хабарламада

Сондай-ақ оқыңыз