АҚШ Ресейдің 11 банкіне қарсы санкция енгізді

Жарияланды
АҚШ Ресей банктеріне сакнция салды. Фото: shutterstock.

АҚШ Ресейдің бірқатар қаржы ұйымдарына қарсы блоктау сакциясын енгізді деп жазады Интерфакс агенттігі.

АҚШ Қаржы министрлігінің хабарламасында олардың арасында Мәскеу Кредит Банкі (MCB), «Санкт-Петербург», «Уральсиб», «Зенит «және МТС Банк бар екені жазылған.

SDN тізіміне сонымен қатар Ланта-банк, Металлинвестбанк, «Левобережный», «Приморье», СДМ-банк және Урал даму банкі кірген.

АҚШ Қаржы министрлігі бұл қаржы институттарымен операцияларды доғаруға 2023 жылдың 25 мамырына дейін мерзім берді.

Ақпан айының басында АҚШ Ресеймен байланысы бар 10 адам мен 12 компанияға қарсы санкция салғаны хабарланған болатын.

Шетелдік активтерді бақылау басқармасы ресейлік әскери-өнеркәсіп кешенін қолдаған бірқатар елдердегі 22 жеке және заңды тұлғаларға блоктау санкцияларын салды.

Сондай-ақ оқыңыз