Kcell 5G желісін дамыту үшін «Қазақтелекомнан» 40 млрд теңге алды

Жарияланды
Kcell 40 млрд теңге алды. Фото: kursiv.media

Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында 24 ақпан күні Kcell компаниясының мүлікті сатып алу немесе иеліктен шығарумен байланысты ірі мәмілесі туралы хабарлама жарияланды.

Түсініктемеде мәміле нәтижесінде компания активтерінің 10%-нан жоғары, бірақ 25%-дан аз мүлік сатып алынғаны болмаса иеліктен шығарылғаны көрсетілген. Бұл ретте сатып алынған (немесе иеліктен шығарылған) актив – ақша, ал мәміле нысанасының құны – 40 млрд.

«Біз «Қазақтелеком» АҚ-мен несие алу туралы келісімге қол қойдық. Жиналған қаражат Қазақстан Республикасының аумағында 5G жобасын дамытуға жұмсалады» деп түсіндірді компания kursiv.media тілшісіне.

Желтоқсан айының соңында Kcell «Қазақтелекомға» тиесілі басқа үш оператормен (active, Tele2 және Altel) бірге Қазақстан тарихында алғаш рет 5G жиілік диапазонын ойнатқан аукционда жеңді. Аукцион нәтижесінде олар 156 млрд теңге төлейді: бірінші лот бойынша 62,7 млрд, ал екінші лот бойынша 93,87 млрд.

Байқау шарттарына сәйкес, жеңімпаздар жобаның бірінші жылында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 391 базалық станция, келесі 4 жылда республикалық және республикалық маңызы бар қалаларда жыл сайын 784 базалық станция орнатуға міндетті.

Сондай-ақ оқыңыз