Жаңалықтар

Маңғыстауда заңсыз киік атқандар мемлекетке 1 млрд теңге шығын келтірген

Сайгаки
Заңсыз ауланған киік мүйізі. Фото: ҚР ҰҚК

2023 жылғы қаңтар айында ҰҚК киік мүйізін заңсыз өндіру және сату арнасын ұйымдастырғандарды қылмыс үстінде қолға түсірді, деп хабарлайды ҰҚК.

Құнды тауардың ірі партиясын саудаға шығарған Маңғыстау өңірінің қылмыстық әлеміне қатысы бар, бұрын сотты болған екі адам ұсталды.

Мемлекетке  1 млрд теңгеден аса залал келтігенін және Қазақстандағы ақбөкендердің таралуына едәуір кері әсерін тигізгенін дәлелдейтін айғақтар жиналған.

«Сотқа дейінгі тергеу аясында ҚР ҚК 339-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша, мүйіз саудасына қатысы барларды анықтау үшін жедел тергеу іс-шарасы жүргізіліп жатыр», делінген хабарлама.

ҰҚК қызметкерлері сонымен қатар, Алматы қаласында заңсыз қару сатқандарды құрықтаған еді.