Қазақстан Украинадағы жағдайды реттеуге қатысты ҚХР ұстанымын қолдайды

Жарияланды
МИД РК
Фото: ҚР СІМ

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Қазақстан украиндік дағдарысты саяси реттеудегі Қытай Халық Республикасының ұстанымын құптайды деп мәлімдеді.

«Біріккен Ұлттар Ұйымының қағидаттары негізінде мемлекеттің аумақтық тұтастығы, тәуелсіздігі және егемендігі негізінде қантөгісті тоқтатуға көмектесу ретінде қолдауға лайық екенін білдіреді. Біз бұл мәселені тек халықаралық құқық пен БҰҰ қағидаттары негізінде бейбіт жолымен шешуге балама жоқ деп санаймыз», делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қазақстан әскери қақтығысқа қатысушы тараптардың ізгі ниет танытуын, ұрыс-қақтығысты тоқтатып, келіссөз үстеліне отыруын, ал әлемдік қоғамдастықтың жағдайды барынша дипломатиялық жолмен шешуге үлес қосуын жақтайды.

Бұған дейін Қытай Украинадағы соғысты тоқтатудың 12 қадамын жариялап, Ресейге қарсы санцияларды алып тастауға шақырған.

16 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Зеленский телефон арқылы сөйлескен еді.

ҚР Президенті Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен жалпыға ортақ халықаралық құқық нормалары негізінде дипломатиялық жолмен шешуге қатысты Қазақстанның ұстанымын растаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз