«Қорғас» ШЫХО жақында жұмысын қайта бастайды

Жарияланды
Пандемия басталғанлы бері Қорғас жабық тұр. Фото: kursiv.mediа

Пандемия басталғалы бері жұмысы тоқтап тұрған «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы жақында жұмысын қайта бастайды. Премьер-министр Әлихан Смайылов Талдықорған қаласында өткен кеңесте Қытай тарапымен орталықты қайта ашу туралы келісімге қол жеткізілгенін айтты.

 «Қорғас» жақын арада өз жұмысын бастауы тиіс. Енді дайындық жұмыстарын жеделдетіп, Орталық қызметіне тартылған барлық құрылымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету керек»,  деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов жоспарланып отырған инвестициялық жобаларды уақытылы іске қосудың және өңірді қолжетімді бағада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етудің маңызын атап өтті.

Премьер-минист Жетісу облысына жұмыс сапарымен барып, кеңесте Жетісу облысының одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды.

Бұған дейін Жетісу облысында 2026 жылға дейін 10 мектеп салынатынын, оған 50 млрд теңге қарастырылып отырғанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз