Жаңалықтар

Жетісу облысында 10 мектеп салуға 55 млрд теңге бөлінеді

Жетісу облысында 10 мектеп салынбақ. Фото: kursiv.media

Жетісу облысында 2026 жылға дейін жаңа 10 мектеп салынады. Өйткені облыста бес мыңнан астам бала 69 бейімделген мектепте оқып жүр. Тағы бір мектеп апаттық жағдайда болса, 26 мектеп саман кірпіштен тұрғызылған. 

Жетісу облысының одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралған кеңесте бірқатар әлеуметтік мәселелер талқыланған.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов алдағы жылдары республиканың ауылдық аймақтары мен агроөнеркәсіп секторын дамыту мәселелеріне басымдық берілетінін атап өтті. Оның ішінде ауыл тұрғындарының табысы мен өмір сүру сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылданады

Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 55 млрд теңге қарастырылған.


«Сондай-ақ Қаржы министрлігінің сыбайлас жемқорлардың қаражаты есебінен құрылған бюджеттен тыс қоры бар. Осы қаражат есебінен де қосымша мектептер салынатын болады», — деді Премьер-Министр.

Әлихан Смайылов Жетісу облысына жұмыс сапарымен барған болатын.