2023 жылы ерекше тәртіп бойынша тексерістер алынып тасталды

Жарияланды
Фото; баспасөз қызметінен

Биыл ерекше тәртіп бойынша тексерістер заң жүзінде алынып тасталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығмеджан Мақажанов мәлім етті.

«Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға жарты жылдық тізімдерге сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға және рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне жүргізілетін тексерістерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бақылау функциясы берілген. Қауіпті өндірістік объектілерді қауіпсіз пайдалану пайдаланылатын жабдыққа уақытылы қызмет көрсетуге және ауыстыруға байланысты екенін атап өткен жөн. Бүгінгі таңда қолданылатын технологиялық жабдықтың негізгі үлесі өткен ғасырдың 70-80 жылдарынан бастап пайдаланылып келеді», – деді Н. Мақажанов.

Сондай-ақ оқыңыз