Қаңтар айының қорытындысы бойынша, әуе жолаушылар көлігі қызметі бір жылда 21,3% қымбаттады, деп жазады finprom.kz.
Өңірлер бойыша алсақ, әуе билеттері Абай облысында қатты қымбаттаған. Бір жылда билет бағасы екі еседей (94,2%-ға) өскен. Одан кейін Қостанай (64,4%), Батыс Қазақстан (47,9%), Шығыс Қазақстан (47,8%) облыстары және Алматы (42,8%) келеді Ақмола облысында ең төменгі өсім тіркелді: 2,6%.
Жамбыл облысында жыл бойы баға өзгермеген. Тағы төрт облыс: Павлодар, Алматы, Қарағанды және Ұлытау облыстарында баға төмендеді.
Әуе көлігі кәсіпорындарының табысы бір жыл бұрынғы 20,9 млрд теңгенің орнына биыл 53,9 млрд теңгені құрады. Құндық мәндегі өсім 2,6. Айта кету керек, секторда мұндай айтарлықтай өсім бірнеше жыл қатарынан байқалмаған.
Жүк, багаж және жүк-багажды тасымалдаудан түскен табыс 934,8 млн теңгені, жолаушыларды тасымалдаудан түскен табыс 53 млрд теңгені құрады.
Биыл қаңтар айында әуе компаниялары 969,9 мың жолаушы тасымалдады, бұл бір жыл бұрынғыдан 84% артық. Ең жоғары көрсеткіштер Алматы (601 мың жолаушы, бір жылда 60,8% көбейген) мен Шымкентте (319,6 мың жолаушы, 2,5 есе) тіркелді.
Жолаушылар айналымы 2 млрд жкм құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,3 есе артық.
2022 жылы Қазақстаннан 7 елге 10 жаңа әуе бағыты ашылды.