25 ақпанда «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға мұнай жеткізу үшін «Адамова застава» мұнай тапсыру пунктінің бағыты бойынша «Транснефть» ЖАҚ магистральдық құбырлар жүйесіне 20 мың тонна қазақстандық мұнайды тапсырды. Бұл туралы «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті хабарлады.
«Былтырғы жылдың желтоқсан айында «ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылы 1,2 млн тонна қазақстандық мұнайды «Транснефть» ЖАҚ магистралды мұнай құбырымен «Адамова застава» мұнай бекеті арқылы Германияға жеткізуге өтінім берген болатын. Мұнайдың бұл транзиті Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы келісім шеңберінде жүзеге асады», делінген хабарламада.