ОСК Мәжіліс пен мәслихат сайлауының дауыс беру бюллетендерін таныстырды

Жарияланды
Бюллетень на выборы в мажилис
Фото: Курсив Медиа

19 наурыз күні сайлаушылар 5 түсті бюллетень арқылы дауыс беретін болады. Сонымен қатар, бюллетендердің көлемі де ұлғайды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясынан мәлімдеді.

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафинаның айтуынша, партиялық тізім мен бір мандатты округтардың тізіміне арналған бюллетендердің түстері әртүрлі болады.

«Мәжіліс депуттарына дауыс беру үшін: көк түсті бюллетень – партиялық тізім бойынша, жасыл түсті бюллетень бір партиялық сайлау округтары бойынша. Тағы үш бюллетень күлгін, қызылсары және сұр – бұл маслихат депутаттарының сайлауы үшін», деді Мұстафина

Сондай-ақ, Мәжіліс сайлауында дауыс беру бюллетенінің көлемі өзгертіледі.

«Біз бюллетеньдердің көлемін өзгертеміз. Ол үшін тәжірибе жасап көрдік. Егер әдеттегі А4 емес А 5 қағазын қолданатын болсақ, онда бюллетень жақсы оқылады. Бюллетеньде партиялар тізіміне арналған 7 жолақ болады. Ал 8-і позиция барлық кандидатқа қарсы дауыс беру жолағы. Егер бір мандатты округтерге келсек, 16 кандидаттың аты-жөні еркін сияды және көзге көрінеді. Көру қабілеті нашар адамдар үшін сайлау учаскелерінде арнайы орындар жабдықталады. Егер депутаттыққа кандидаттардың саны 16-дан астам болса, онда бюллетеньнің мөлшері ұлғая түседі», – деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Сондай-ақ, 19 наурызда өтетін Мәжіліс және мәслихаттар депутаттары сайлауы алдында саяси партиялардың пікірсайысы 16 наурызда өтетін болды.

«ҚР Сайлау туралы заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы сайлауға қатысатын саяси партиялардың дебатын ұйымдастырады. Осы орайда Орталық сайлау комиссиясы өз құзыретіне сәйкес пікірсайысты өткізу ережелері мен қағидатын бекітті. Қабылданған шешім бойынша саяси партиялардың пікірсайысын өткізу 2023 жылғы 16 наурызға белгіленді», – деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова.

Телевизиялық пікірсайыс «Хабар» телеарнасының эфирінен көрсетіледі.

«Теледебат өткізу бойынша қаулы бір ауыздан қабылданды. Осы қаулы Мәжіліс сайлауына қатысатын сайлауалды штабтарының назарына жеткізілсін. Орталық сайлау аппараты «Хабар» агенттігімен сайлауалды пікірсайыс өткізу туралы шарт жасассын», – деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Сайлауды өткізуге республикалық бюджеттен 33,4 млрд теңге жұмсалады.

Сондай-ақ оқыңыз