Қазақстанда шетелдік туристер тамашалайтын орындардың ТОП бестігі

Жарияланды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі 2022 жылы туристер жиі келетін Қазақстандағы ең танымал бес көрікті жер туралы ақпарат жариялады.

туризм
Фото: архив Kursiv.media

Министрлік таратқан мәліметке сәйкес, ТОП бестікте, бесінші орында «Шарын» шатқалы тұр.
«Шатқал саяхатшылар көруге құмартатын еліміздегі көрікті орындардың бірі. Өткен жылы бұл алқапты 45 мыңнан астам адам аралаған» делінген хабарламада.

Төртінші орында – Баянауыл. Министрлік дерегінше, Баянауылға бару бүгінге ел ішінде сәнге айналып келеді. Былтыр ұлттық саябақ аумағында 85 мың турист демалыпты.

Көлсай көлдері де саяхатшылар арасында үлкен сұранысқа ие. 190 мыңнан аса адам сұлулығын тамашалаған жер үшінші орында.

«Отандық туризмнің бойтұмарына айналған Бурабай ұлттық саябағы келушілер саны бойынша да көш басында. Сондықтан Бурабай туристер жиі келетін жердің екінші орнында тұр. Көкшенің көз тоймас көрікті жерлерінде 550 мыңнан астам адам қыдырыпты» ,делінген хабарламада.

Ал, бірінші орында Іле Алатауы. Туризм комитетінің мәліметінше, 2022 жылы 628 мың турист тамашалаған – Іле-Алатауы ұлттық табиғи саябағы – ең танымал орын атағын жеңіп алған.

Сондай-ақ оқыңыз