Кәсіпкерлерден ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар деген күдік алынды

Жарияланды
Фото; ғаламтордан алынды

Ресейге заңсыз астық тасымалдаған кәсіпкерлердің ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы жоқ. Бас прокуратура осылай деп мәлімдеме жасады.
ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан хабарламалаға сәйкес, 3 кәсіпкер мүліктік залал келтірді деп күдіктелген (ҚК-нің 195-бабы 4-бөлігі), өйткені олар бидайды Ресей Федерациясынан сатып алған, содан кейін қазақстандық астық түрі ретінде шетелге заңсыз экспорттаған.

Тергеу барысында кәсіпорын иесі қылмыстық құқық бұзушылықты жасау үшін компания қызметкерлерімен бірге қылмыстық топ құрған деп танылған. Қылмыстық кодекстің 262-бабы кәсіпкерлер қамаққа алуға негіз болған.

Ақпаратқа сәйкес, «Қылмыстық Кодекстің 262-бабы адам үшін ауыр зардаптарға әкеп соғады. Жазаның жалғыз түрі – бас бостандығынан айыру, шартты түрде соттауды болдырмайды».

«Біз ұйымдасқан қылмыстық топ деген күдік негізсіз тағылған деп санаймыз, өйткені бұл үшін жоғары ұйымшылдық пен тұрақтылық түріндегі бірқатар белгілер болуы тиіс. Басшылық пен бағынысты жұмысшылар арасындағы жұмыс қатынастарын өздігінен  қылмыстық топ құру және оған қатысу деп тануға болмайды», – деді Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің аға прокуроры Данияр Ахимбеков.

«Осыған байланысты қадағалаушы прокурор құқық бұзушылық құрамы белгілерінің болмауына байланысты Қылмыстық кодекстің 262-бабы бойынша 3 адамды қылмыстық қудалауды тоқтатты. Нәтижесінде күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы үй қамаққа ауыстырылды. Мемлекет мүддесі үшін мүліктік залал келтіру фактісі бойынша тергеп-тексеру жалғасуда» делінген хабарламада.

Данияр Ахимбеков «прокурордың міндеті – азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу», – екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз