БАҚ өкілдеріне қарсы 30-дан астам арандатушылық жасаған топ ұсталды

Жарияланды

ІІМ және ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы БАҚ өкілдеріне шабуыл ұйымдастырды деп күдік келтірілген топтың іс-әрекетін әшкерелеп, жолын кесті. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Алматыда арандатушылық шабуылдардың тікелей үйлестірушісі – шетелдік азамат, білікті хакер О.Токарев ұсталды. Оның уақытша тұрып жатқан жерінен шабуылдарды басқару, анонимді телеграмм-аккаунттарда «тапсырыстар» беру, орындаушыларды табу және олардың акцияларына ақы төлеу жүргізілген техника табылып, тәркіленді», – делінген ІІМ ақпаратында. 

Ақпаратқа сәйкес, аталған топ В.Борейкоға, Г.Бажкеноваға, Г.Ерғалиеваға, С.Ибраеваға және басқа да БАҚ өкілдеріне қарсы 30-дан астам арандатушылық жасаған.

«Бұл – автокөлікті өртеу, журналистерге, олардың туыстары мен редакцияларға қоқан-лоққы көрсету мен шабуылдар жасау, DDoss шабуылдар. Қылмыстық топ шабуылдарының басты мақсаты – журналистерді қудалауды имитациялау арқылы ҚР Президентін және ол жүргізіп отырған демократиялық реформаларды дискредитациялау», – делінген хабарламада.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тергеу барысын жіті назарда ұстайтынын жария етті.

Бұған дейін, 2022 жылғы қыркүйек пен 2023 жылғы 20 ақпан аралығында Алматы және Астана қалаларында 6 журналист пен блогердің кәсбіи қызметіне байланысты қастандық жасалған. Полиция осы істерге қатысы бар деген күдікпен 18 адамды ұсталғаны хабарланған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз