Жаңалықтар

Мұхтар Тілеуберді АҚШ мемхатшысының Қазақстанға сапарының маңызына тоқталды

Встреча С5+1 проходит в Астане
Энтони Блинкен ресми сапармен келді. Фото: ҚР СІМ

Астанада Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездесті.

«АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Орталық Азиямен ынтымақтастыстыққа адал екенін көру қуантады. Бұл – оның осы өңірге жасаған алғашқы сапары. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айқындап берген дипломатиялық басымдықтары ретінде Қазақстан өзінің көпвекторлы және салмақты сыртқы саясатын жалғастырады. Осы тұрғыда АҚШ та біз үшін басым бағыт болып саналады», деді Мұхтар Тілеуберді.

Министрдің айтуынша, ұжымдық күш-жігердің арқасында С5+1 форматы маңызды құралға айналды.

Айта кетейік, С5+1 кездесуіне Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстанның сыртқы істер министрліктері өкілдері қатысып жатыр.

.Бүгін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға ресми сапармен келді. Мемхатшы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесу өткізді.

Сарапшылар Блинкен сапарының маңызы зор деп санайды. Жоғарыда айтылған кездесулермен қатар Астанада Орталық Азия елдерінің сыртқы істер ведомстволарының басшыларымен С5+1 форматында жиын болады. Бұл да әрине, тектен текке ұйымдастырылмаса керек. Кездесуде өңірлік ынтымақтастықты дамыту мәселелері және АҚШ серіктестігі сөз болмақ.