Қазақстан мен Оман арасында тікелей рейс ашылады

Жарияланды
Маскат-Алматы бағыты бойынша тікелей рейс ашылады. Фото: www.shutterstock.com

Оманның «Salam Air» әуе компаниясы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап аптасына екі рет Маскат-Алматы бағыты бойынша тікелей рейс ашпақ. А–320neo және А-321neo типті әуе кемелері бейсенбі мен жексенбі күндері екі қала арасында тұрақты қатынайтын болды.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті және Оман авиациялық билігі бірлесіп халықаралық рейстердің санын ұлғайту, сондай-ақ «ашық аспан» режимін іске асыру мақсатында осы бағытты ашуға келіскен.

Қазақстан мен Оман арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін болады.

«Salam Air» – Оманның Маскат қаласында орналасқан омандық төмен бюджеттік авиатасымалдаушы. Ұшуды 2016 жылы бастады. Әуе компаниясы  әлемнің 20-ға жуық еліне (Чехия, Босния және Герцеговина, Судан, Сауд Арабиясы, Пәкістан, Бангладеш, Непал, Шри-Ланка, Үндістан және т.б.) 30 бағыт бойынша халықаралық рейстерді орындайды.

Бұған дейін 7 елге 10 жаңа әуе бағыты ашылғанын жазған едік.

Қаңтар айының қорытындысы бойынша, әуе жолаушылар көлігі қызметі бір жылда 21,3% қымбаттағаны белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыз