ҰҚШҰ елдерінің халықаралық әскери ынтымақтастық органдары басшыларының кеңесі өтеді

Жарияланды
Фото: ғаламтор желісінен

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің халықаралық әскери ынтымақтастық органдары басшыларының кеңесі 1 наурызда Минскіде өтеді, деп хабарлады Беларусь Қорғаныс министрлігі. Бұл туралы ИНТЕРФАКС агенттігі жазды.

«1 наурызда Минск қаласында ҰҚШҰ-ға (Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының) мүше елдердің халықаралық әскери ынтымақтастық органдары басшыларының кеңесі өтеді»,-деді Халықаралық әскери ынтымақтастық департаментінің бастығы – Беларусь Қорғаныс министрінің көмекшісі Валерий Ревенко.

Бұған дейін Беларусь Президенті Александр Лукашенко ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойған болатын. Атап айтқанда, жоспар Беларуссияда 2023 жылы ҰҚШҰ-ның үш жаттығуын өткізуді көздейді: «өзара іс-қимыл», «Эшелон» және «Іздеу».

ҰҚШҰ-ға Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан кіреді.

Сондай-ақ оқыңыз