Нан бағасы ең қымбат қала – Петропавл

Жарияланды
Фото:azattyq-ruhy.kz

Биыл қаңтар айында Қазақстанда 42,5 мың тонна нан өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғыдан 2,3%-ға артық. Бұл туралы Energyprom.kz хабарлады.

Ең көп өндіріс Түркістан облысында байқалды: 10,2 мың тонна. Бұл республикадағы жалпы өнім көлемінің 23,9%-ы. Екінші және үшінші орында Алматы (4,5 мың тонна, 13,2% көбейген) және Ақтөбе облысы (4,4 мың тонна) болды. Өндіріс ең аз өңір — Ұлытау облысы (401 тонна).

Жалпы, қаңтар–желтоқсанда елімізде 518,6 мың тонна нан өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 1,6%-ға аз. Өндірістің ең көп көлемі бидай нанына тиесілі: 31,6 мың тонна, былтырғымен шамалас.

Бұл ретте қара бидай наны өндірісі 18,2%, 1,9 мың тоннаға, қара бидай мен бидай ұнынан пісірілген нан — 2,9%, 1,1 мың тоннаға дейін, диеталық нан — 47,3%, 81 тоннаға дейін, нан өнімдері — 18%, 2,8 мың тоннаға дейін, басқа нандар — 3,6%, 5 мың тоннаға дейін ұлғайды.

Биыл қаңтар айында нан бағасы бір жылда 19,2% өсті. Оның ішінде қара бидай мен бидай ұнынан пісірілген нан 26,5%, келісіне 435 теңгеге дейін, жоғары сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан — 27,8%, 348 теңгеге дейін, бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан — 13,9%, 196 теңгеге дейін қымбаттады.

Жылдық динамика бойынша нан ең қатты қымбаттаған өңір Ұлытау облысы: бірден 50,8%. Одан кейін Ақмола мен Маңғыстау облыстары. Баға ең аз, 9,9% ғана өскен өңір Атырау облысы.

Қара бидай мен бидай ұнынан пісірілген нан ең қатты өңір Қостанай облысы, жоғары сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан — Маңғыстауда, бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан Ұлытау облысында қымбаттады.

Елдегі ірі қалалардың ішінде қара бидай мен бидай ұнынан пісірілген нан бағасы ең қымбат Петропавл, жоғары сұрыпты бидай наны ең қымбат Қарағанды, бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан ең қымбат қала Қонаев. Ал қара бидай мен бидай ұнынан пісірілген нан ең арзан қала Орал, жоғары сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан ең арзан қала Атырауда, бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан ең арзан қала Ақтөбе.

Сондай-ақ оқыңыз