Интегративті медицина – қатерлі ісікті емдеуде табиғи иммуностимуляторды қолдану

Жарияланды
Фото; ғаламтор желісінен алынды

Қазақстанда қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды интегративті медицина көмегімен емдеу әдісі қолданыла бастады. Мұндай медицина клиникалары онкологиямен күресудің жаңа әдістерін қолданады. Жарты жылда  емделген 300-ге жуық адам қатерлі аурудан айыққан. Бұл туралы «Интегративті медицина – онкологияны емдеуге болады» тақырыбында өткен басқосуда дәрігер Дмитрий Раевский хабарлады.

Интегративті медицина клиникаларында онкопсихология әдістері мен қатерлі ісікпен күресу үшін табиғи иммуностимуляторлар қолданылады. Оның арқасында мамандар лейкемия, сүт безі қатерлі ісігі, ми ісіктері секілді ауыр диагноздар қойылған науқастарды емдеуде сәтті нәтижелерге жеткен. Дәрігердің айтуынша, бұл тәсіл қатерлі ісікке қарсы емдеудің ресми хаттамаларына қайшы келмейді.

«Әр адамда күн сайын қатерлі ісік жасушалары пайда болады. Адамның иммунитеті олардың көзін жойып отырады. Бір күні иммунитетте ақау болып, жасушалармен күресе алмай қалады. Ісік тез бөлініп, тіндерге еніп, денеге тарайды. Ісік адамның организмімен қоректенеді. Иммунитет оларды байқай алмайды. Бір ай өткен соң иммунитет оянып, оларды байқап, көзін жоюға тырысады. Ал қатерлі ісік мутацияланып, иммунитет оларды қайтадан көрмей қалады. Қатерлі ісік нейро уыттар шығарып, ауруды сезінуге мәжбүр етеді. Ал біз иммунитеттің қатерлі ісікті байқауы үшін бәрін жасаймыз. Ол үшін алдымен адамның психологиясымен жұмыс істейміз. Иммуностимуляторлар иммунитеттің жұмыс істеп, қатерлі ісікпен күресуіне көмектеседі. Бұл тәжірибе көптеген елде қолданылады. Нәтижесі өте жақсы», – дейді дәрігер Дмитрий Раевский.

«Көптеген ауруларды емдеуге болады. Адам ауруының себептері туралы барлық жауап оның миында жатыр. Қаншама жыл жүргізген тәжірибе санамен жұмыс істеу арқылы онкологияны емдеуге болатынына дәлел. Химиялық терапия көмектесе алмаған адамдар бізге келіп сауығып жатыр. Адамдар онкологияны «жазылмайтын қорқынышты ауру» деп ойламаса екен деймін. Өйткені, иммунитетті ауруға қарсы тұруға үйретуге болады. Адамның ойлау қабілетімен  жұмыс істеп, иммуностимуляторлар таңдап, адамды емдеп шығамыз.  Өкінішке қарай, қатерлі ісікпен ауыратындар көбейіп жатыр», – дейді дәрігерлер.

Сондай-ақ оқыңыз