Зейнетақы мен жәрдемақы туралы ақпаратты банк қосымшаларынан алуға болады

Жарияланды
Фото: архив курсив

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы және әлеуметтік төлемдер, жәрдемақылар туралы анықтама беру процесін автоматтандырды. Енді бұл қызмет екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы алуға болады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұрын бұл ақпаратты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ тұрақты тұратын жері бойынша бөлімшелерінен қағазға шығарып, алуға болатын еді.

Қызметті автоматтандыруға үлкен сұраныс туды. Өйткені, тек 2022 жылы 210 мыңнан астам адам осындай анықтама алған.

ЕХӘҚМ ЕДБ-мен бірлесіп 15 минут ішінде мобильді қосымшалар арқылы электрондық форматта осы деректерді алу мүмкіндігін іске қосты.

Анықтаманың цифрлық нұсқасында, алынған және белсенді төлемдердің мөлшері туралы ақпарат бар. Бұл қызметті алушы 2016 жылдан бастап кез келген кезеңді таңдай алады (ең жоғары кезең – 3 жыл).

Қазіргі уақытта қызметті «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мобильді қосымшасынан алуға болады. Жақын арада осы ақпаратты алу мүмкіндігін «Kaspi Bank»АҚ қосымшасында жүзеге асыру жоспарлануда.

Мобильді қосымша арқылы жәрдемақылар, зейнетақы және әлеуметтік төлемдер туралы анықтама беру ақпарат алу процесін жеңілдетеді және оңайлатады, сонымен қатар мемлекеттік бюджетті айтарлықтай үнемдейді.

Сондай-ақ оқыңыз