Дәурен Абаев ТМД Бас хатшысының орынбасары болып тағайындалды

Жарияланды
Фото:kursiv.media

Қазақстанның бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев ТМД Бас хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.

«Дәурен Абаев ТМД Бас хатшысының орынбасары болып тағайындалғаның растаймыз. Ол жаңа қызметіне 7 наурызда кіріседі», – деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Дәурен Абаев бұл лауазымда Бекетжан Жұмахановты алмастырады.

Ақпаратты ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметі де растады.

Сондай-ақ оқыңыз