Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) деректеріне сәйкес автомобиль жолдарының сапасы бойынша Қазақстан 137 елдің ішінде 93-ші орынды иеленді. Бұл туралы Экономикалық зерттеулер институты хабарлады.
Азия даму банкінің мамандары Қазақстандағы автожолдардың сапасын 1%-ға арттыру экспорттың 3,7%-ға және импорттың 2,7%-ға ұлғаюына әкеледі деп санайды. Сондай-ақ, Дүниежүзілік Банк мұндай жақсарту жұмыс орындарының 0,4%-ға дейін ұлғаюына әкелуі мүмкін екенін атап өтті.
Қазақстандағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 96 мың км. құрайды. Оның 25 мың км. республикалық трассалар мен 71 мың км – жергілікті автожолдар, оның ішінде 8,6 мың. км (34%) I және II техникалық санаттағы автожолдар. Қазіргі таңда республикалық жолдардың 91%-ы және жергілікті автожолдардың 85%-ы нормативтік талаптарға сәйкес келеді, Мемлекет басшысы 2025 жылы тиісінше республикалық жолдарды – 100% және жергілікті жолдардың 95%-ын нормативтік деңгейге жеткізу міндетін қойды.
Жолдардың төмен техникалық жағдайы қозғалыс қауіпсіздігі деңгейіне де кері әсерін тигізетіні айтпаса да түсінікті.
Дүниежүзілік банк мәліметіне сүйенсек, Қазақстандағы жол көлік оқиғаларынан жыл сайынғы шығыны 7 млрд. АҚШ доллары құрайды. Мұның басты факторларының бірі жол инфрақұрылымының жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады. сінікті. Статистикаға сүйенсек, 2021 жылы елімізде 13,9 мың жол көлік оқиғалары орын алды, одан 18,1 мың адам зардап шегіп, 2,3 мың адам қаза тапты.