«iPhone индексі»: ең қымбат iPhonе қай елде сатылады?

Жарияланды
Ең қымбат айфон Нигерияда сатылады екен. Фото:shutterstock.com

Globalproductprices нұсқасы бойынша, жады 128 ГБ болатын iPhone 14 бағасы рейтингінде Қазақстан 74 елдің ішінде 10-орын алға. Яғни, айфон қымбатқа сатылатын елдер қатарына кіріп түр. Қазақстанда бұл телефон 1,2 мың АҚШ долларына сатылады.

Ең қымбат iPhone 14 Нигерия, Түркия және Бразилияда сатылады. Нигериядағы бағасы 1,7 мың доллар болса, түріктер оны 1,6 мың долларға сатып алып жүр. Ал бразилиялықтар бұл телефон үшін 1,5 мың АҚШ долларын төлеуге мәжбүр.

Ал АҚШ (799 АҚШ доллары), Канада (807 АҚШ доллары) және Макаода (854 АҚШ доллары) арзанға сатылады.

Бұл ретте рейтингке кірмеген Әзірбайжан мен Украинадағы баға Қазақстаннан жоғары. 128 Ггигабайттық iPhone 14 бағасы сәйкесінше 1,4 мың және 1,3 мың АҚШ долларын құрайды.

Comparedial.com мәліметінше, қазақстандықтар iPhone 14 сатып алу үшін жылдық жалақысының 20,1%-ын жұмсауы керек. Бұл көрсеткіш бойынша, яғни жалақыдан гаджетке жұмсалған шығын көлемі бойынша Қазақста 76 елдің ішінде 24-орында тұр.

Ал айфон ең қымбатқа сатылатын Нигерияда iPhone 14 ұстағысы келгендер оған жылдық жалақысының 69,1 пайызын төлеуге мәжбүр болады. Ал АҚШ-тың флагман алғысы келген тұрғындары оған жылдық жалақысының 1,8 пайызын ғана жұмсайды. Сондықтан бұл жерде мәселе тек бағада емес, мәселе – халықтың табысында.

Сондай-ақ оқыңыз