Президент 20 судьяны қызметінен босатты

Жарияланды
3 судья қызметке тағайындалды. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы 20 судьяны қызметінен босатып, 3 судьяны тағайындады деп хабарлайды ҚазТаг.

Айдар Смағұлов Ақтөбе облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды. Ол бұған дейін Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасын қызметін атқарған.

Астана қаласын мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы болып Бакишев Асан Болатұлы тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған Алматы аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылды.

Орал қаласы №2 сотының судьясы қызметіне Сабыржан Есжанов тағайыдалды.

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Мерғалиев Асламбек Амангелдіұлы басқа қызметке сайлануына байланысты қызметінен кетті.

Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Елемесов Қайырбек Құсайынұлының өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты қызметінен босады.

Астана қаласы сотының судьясы Ли Жанна Михайловна өз өтініші бойынша; Абай аудандық сотының судьясы Жұмақсанов Елдос Шағанұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты, Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Бақтығұлов Маханбет Сапарұлы отставкаға кетуіне байланысты қызметінен босатылған.

Жамбыл облыстық сотының судьясы Нұржігітов Нұрбақыт Тұртайұлы, Қарағанды ​​облыстық сотының судьясы Исабекова Рыскүл Қазиқызы, Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Лукьянов Александр Иванович отставкаға кеткен.

Қалған соттар да басқа қызметке ауысуы және отставкаға кетуі, өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты қызметтен босатылған.

Сондай-ақ оқыңыз