Қазіргі кезде Қазақстан банк секторының капитал қоры жеткілікті. Негізгі капитал коэффициенті (k1) 18,54%-ды, меншікті капитал коэффициенті (k2) 21,70%-ды құраған, деп жазады ranking.kz.
Бұл көрсеткіш заңда белгіленген нормадан айтарлықтай асып түседі, түрлі қаржылық қиындықтан шығуға мүмкіндік береді.
Жалпы кез келген елдегі қаржы жүйесінің тұрақтылық кепілі – сенімді банк секторы. Сарапшылардың айтуынша, қазіргідей қиын кезеңде Қазақстан Республикасының банк секторы тұрақтылық пен тиімділікті көрсетіп отыр. Оған жоғары пруденциалдық нормативтер көрсеткіші дәлел.
Егер ірі ЕДБ-лерді талдасақ, олардың бәрінде меншікті капиталы жеткілікті. Тек бұрынғы Сбербанк, қазіргі «Bereke» банк пруденциалды нормативтер талаптарын орындамаған.
Ең жоғары өнімбілік көрсетіп отырған – Jusan Bank:
- банктің негізгі капитал коэффициенті (k1) 29,9%-ды құраған, бұл 7,5 пайыздық нормативтік нормативтен 4 есе жоғары;
- бірінші деңгейдегі капитал коэффициенті (k1-2) 29,9% құрады, бұл 8,5 пайыз нормативтен 3,5 есе жоғары;
- Меншікті капитал коэффициенті (k2) 47,4% құрады, бұл нормативтік нормативтен 4,7 есе жоғары.
Капитал деңгейі бойынша екінші орында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын мемлекеттік банк – «Отбасы Банк» АҚ тұр. Меншікті капиталдың коэффиценті k1, k1-2 және k2 коэффициенттері бұл банкте 28,7% құрады. Бұл мәндер де қаржылық реттеуші белгілеген нормативтік мәндерден бірнеше есе жоғары.
Үздік бестікке келесі банктер кірген:
• ForteBank: k1 – 19,6%, k1-2 – 19,6%, k2 – 20,2%;
• Халық банкі: k1 – 18,5%, k1-2 – 18,5%, k2 – 18,9%;
• Хоум Кредит Банкі: k1 – 18,2%, k1-2 – 18,2%, k2 – 18,2%.
2023 жыл басында Қазақстан Республикасы ЕДБ нормативтік меншікті капиталы 6 трлн теңгеге жақындады, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 11,7%-ға артық. Жылдан жылға құны тек өсіп жатыр.
Нормативті меншікті капитал Халық банк (1,9 трлн. теңге), Jusan банк (751,5 млрд. теңге) және Kaspi Bank-те (571,4 млрд. теңге) жоғары.
Жалпы алғанда, меншікті капиталдың жеткілікті болуы мен өтімділік көрсеткіштері банктердің қаржылық тұрақтылығы мен сенімділігін байқатады. Мән неғұрлым жоғары болса, банк соғұрлым тұрақты болады. Бұл мәндер ЕДБ-дің өз міндеттемесін толығымен орындайтын, салымшылар үшін сенімді екенін көрсетеді.
Сонымен қатар, қаржы ұйымын таңдағанда не нәрсеге мән беру керек екенін мына материалдан оқи аласыздар.