Сарапшылар ұлттық валютаның нығаюына ықпал еткен бірнеше себептерді атады

Жарияланды

2 наурыздағы сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің долларға шаққандағы бағамы өсуді жалғастырып 435,5-ке жетті. Ұлттық валюта бірден 6,1 теңгеге нығайып, тоғыз айдың ішінде ең жоғары көрсеткішті жаңартты. Сарапшылар ұлттық валютаның нығаюына ықпал еткен бірнеше себептерді атады.

«Ұлттық банк бюджетке аударым жасау үшін 750-850 млн доллар сатуды жоспарлап отыр. Бұл теңгенің нығаюының басты себебі деп ойлаймын «,-деді  Bereke Bank Директорлар кеңесінің мүшесі Ғалым Хусаинов.

Freedom Finance Global сарапшысы Аңсар Әбуев наурыз айында валютаны сату сомасы ақпанға қарағанда көбірек болатындығын атап өтті.

Ғалым Хусаиновпен Jusan Invest аналитикалық зерттеулер басқармасының бастығы Бауыржан Төлепов келіседі. Оның айтуынша, Қазақстанның мемлекеттік облигацияларын шетелдік инвесторлардың сатып алуынан бөлек, бағамға Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін Ұлттық Банктің валютаны сатуға қатысуы оң әсер етті.

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, елде жылдық инфляция ақпан айында 21,3% – ға дейін артты.

Freedom Finance Global компаниясының қызметкері Әбуев шетелден қаражат ағынының сақталуын күтуде. Бұл өз кезегінде теңгеге деген сұранысты  арттырады, деп атап өтті ол.

«Қазіргі тенденция оң динамикаға ие, сондықтан доллардың сатылымы қайда әкелетінін болжау әлі қиын «, – деп атап өтті сарапшы.

Осылайша, егер ертең теңгенің нығаюы жалғаса берсе, онда келесі нысаналы деңгейлер410 теңгеге жуық болуы мүмкін, деп болжайды Әбуев.

Бірақ Төлеповтың айтуынша, теңге б 450 және одан жоғары деңгейге тез оралуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз