Ұлттық банк биыл AQR жүргізілетін қаржы ұйымдарының тізімін бекітті

Жарияланды
AQR өтетін банктер бекітілді. Фото: Асқар Ахметуллин

Ұлттық банк биыл AQR жүргізілетін қаржы ұйымдары тізімін бекітті. Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңес отырысы өтіп, 2023 жылы банк секторы активтері сапасын тәуелсіз бағалау мен стресс-тестілеуден өтетін банктер анықталды.

Тұрақты AQR 2022 жылдан бері қадағалау процесінің бір бөлігі ретінде өткізіледі.

Кеңес жұмысына Қазақстан Ұлттық Банкі, Президент Әкімшілігі, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қаржы министрлігі және Ұлттық экономика министрлігінің басшылары қатысқан.

Бұдан бөлек, Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңес мүшелері банктердің 2019-2020 жылдары өткізілген AQR нәтижесі бойынша түзету іс-шараларының жеке жоспарларын орындау нәтижелерін тыңдады.

«Аталған жоспарлар толық орындалғанға дейін банктер негізінен 2023 жылдың І жартыжылдығына орындалуы жоспарланған жаңа бизнес-процестерді автоматтандыруға байланысты іс-шараларды іске асыруы қажет», делінген хабарламада.

10 ақпанда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші деңгейлі 10 банкке талдау жүргізен AQR нәтижесін жариялады.

AQR жүргізу барысында сомасы 15,2 трлн теңге болатын 19 млн займға, соның ішінде 1,4 мың ірі қарыз алушыға талдау жасалған. Агенттік төрағасының орынбасары Олжас Қизатовтың айтуынша, кепілсіз тұтынушылық несие бойынша қарыз көлемі жалпы қарыз портфелінің 32,5 пайызын еншілейді. Одан кейінгі орында шағын бизнес (18,8%) және инвестициялық субъектілер (17,3%) бойынша займдар орналасқан. 

Сондай-ақ оқыңыз